ҚАЖ қызметкерлері науқастарға арнап қан тапсырды

Жарияланды
“Мен әлемнің саулығы үшін қан тапсырамын!” акциясы аясында

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері науқастарға арнап қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

«Мен әлемнің саулығы үшін кан тапсырамын!» акциясына Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Астана аудандық пробация қызметінің қызметкерлері қалалық №2 полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, атсалысты. 

Қан орталығының қорын толтыру, сондай- ақ, шұғыл түрде қан құйдыруға мұқтаж науқастардың сауығып кетулеріне үміт сыйлау мақсатында өткізілген ізгі іс-шараны Облыстық қан орталығы жылжымалы түрде мекемелерді аралау бойынша ұйымдастырған. 

 «Аталған іс-шараға Астана аудандық пробация қызметінің қызметкерлері үлкен жауапкершілікпен қатысты. Жалпы, біздің қызметкерлері қан тапсыру орталығына барып, науқас жандарға көмек ретінде жүйелі түрде қан тапсырып отырады, – дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Гульжанат Искалиева.

Сондай-ақ оқыңыз