Күннің күрт суығанына байланысты павильондарды ашу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Ауа-райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтанда жылы аялдамалар мерзімінен бұрын ашылды. Қазіргі уақытта павильондар санитарлық өңдеуден өтіп, тазартылуда.
«Ауа температурасының төмендеуіне байланысты, сондай-ақ қала тұрғындарының өтініштері бойынша жылы павильондарды ашу туралы шешім қабылданды», – деп хабарлады елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Басқарма аялдама павильондарының бұрын карантинге жабылғанын атап өтті. Басқарманың мәліметінше, елордада 1307 аялдама бар, оның 1010-ы павильондармен жабдықталған, 105-і жылытылған.