Ресурстар

«Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде Шымкентке қонуға мәжбүр болды

Ол Қызылорда - Алматы бағыты бойынша ұшты

Қызылорда-Алматы бағыты бойынша ұшып бара жатқан қазақстандық «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде Шымкентке қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

«Эйр Астана» АҚ әуекомпаниясының тіркеу нөмірі Р4HA E290 әуе кемесі (Эмбраер-190) Қызылорда-Алматы бағыты бойынша KZR 986 рейсімен ұшу кезінде диспетчерлерге техникалық себептермен Шымкент қаласының қосалқы әуеайлағына қону туралы хабарлады.

Отырғызу 17.51-де Шымкент қаласының әуежайында сәтті жүргізілді.

Әуе компанияның алдын-ала мәліметтері бойынша техникалық себеп: техникалық бөлікте түтін дабылының іске қосылуы. Ұшу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес әуе кемесінің командирі қосалқы әуеайлаққа кетуге шешім қабылдады.