Ресурстар

Биыл жылу қазандықтары газбен істейді

Экологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартады

Жылу қазандықтарын газға көшіру күрделі, бірақ қажет жұмыс. Қазандықтар бүкіл қаланы жылытатын болғандықтан, оларды біртіндеп газға көшіру экологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.  

   «ЖЭО-2 қазандығын газға көшіру жұмыстарының барысымен таныстым. Газ жеткізу құбырын тарту, газ қорғаныс жүйесінің, қазандықтарға оттықтарды бекіту жұмыстары аяқталыпты. Осы жылу маусымында ЖЭО-1, ЖЭО-2 орталықтарының кейбір қазандықтары газбен жұмыс істейді. Олардың артықшылығы – газбен де, мазутпен де, көмірмен де жұмыс істей береді. Бұдан басқа, тұрғын үй алаптарындағы ішкі газ желілерін жүргізу жұмыстары жалғасуда. Елорданы газдандыру — Елбасымыздың тарихи жобасы. Мемлекет басшысы да газ жүргізу мәселесін жіті қадағалап отыр», – деді Алтай Көлгінов.