Қостанай қаласы азаматтарының салық қарызы 60 млн теңгеден асты
Қостанай қаласының тұрғындарының салық қарызы 60 млн теңгеден асты. Бұл туралы Қостанай облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Салық төлемей жүргендердің көбі – автокөлік иелері. Олар 34 млн теңге салық сомасын төлемей қашып жүр.
Cатылып кеткен көлік қайта рәсімделмесе, оның салығын бұрынғы иесі төлейді.
Сонымен қатар мүлік салығы 24 млн теңгеден асса, қала тұрғындарының мемлекеттік қазынаға қарызы 5 млн теңге.
«Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері мен сот орындаушылары борышкерлердің үйлеріне рейд жүргізе бастады. Біз салық төлеуден жалтарып жүргендерді іздейміз. Қарызы бар адамдардың саны мыңға жетті, ал салық берешегінің сомасы 60 млн теңгеден асып кетті. Егер салық төлеу туралы хабарлама алып, оны төлемегендер мүліктерінен айырылуы мүмкін. Т ұрғындардың назарын осы мәселеге аударғымыз келеді, Ал салықты мүлде төлемейтіндер сот алдына барады», – деді Қостанай облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Несібелі Бәсенова.