Ресурстар

Алматы карантин ережесін ең көп бұзған қала

3 876 оқиға тіркелді

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізде карантин ережелерін ең көп бұзған өңірлерді атады. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.  

     «28 мыңнан астам карантин режимін бұзу анықталып, оның жолы кесілді. Оның ішінде 4 600-ден астамы – сауда орталықтары, дүкендер, базарлар, 1 700-і мейрамханалар, кафелер және басқа да демалыс орындары. Олардың ең көп саны Қостанай облысы – 5 116, Батыс Қазақстан облысы – 2 674, Түркістан облысы – 3 532, Шығыс Қазақстан облысы – 2 124, сондай-ақ Алматы қаласында – 3 876 тіркелді», – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Ішкі істер органдары төтенше жағдай кезінде карантин режимін бұзушыларды ӘҚБтК-нің 476-бабы «төтенше жағдай режимін бұзу», ӘҚБтК-нің 478-бабы «төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін әрекеттер» бойынша тартқанын атап өту қажет.

ТЖ құқықтық режимінің тоқтатылуымен карантинді бұзу фактілерін әкімшілендіру мәселелері қозғалды және олар Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне кіреді. Осы ретте тиісті министрлікпен бірге рейдтер жүрізіледі.