Ресурстар

Қайрат Сарыбай Австриядағы елші қызметінен босатылды

Оның орнына Қайрат Омаров тағайындалды

Қайрат Сарыбай Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 « Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Шораұлы Сарыбай Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды»,- деді Президент жарлығында.