Ресурстар

Коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың қарызы 17 млрд теңгені құрады

Ең жоғары дебиторлық берешек Алматы қаласында екен

Коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 17 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.  

   «Бүгінгі күні коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 17 млрд теңгені құрайды. Ең жоғары дебиторлық берешек Алматы қаласында – 4,5 млрд теңге, Нұр-Сұлтан қаласында – 1,95 млрд теңге, Шымкент қаласында – 2,5 млрд теңге және Маңғыстау облысында – 1,4 млрд теңге сақталуда», – деді министр.