Ресурстар

Сот орындаушылары компаниядан екі жүз миллион теңге қарызды өндіріп алды

450 қызметкер компаниядан ұзақ уақыт бойы жалақыларына ала алмаған

Солтүстік Қазақстан облысының сот орындаушылары 15-29 қыркүйек аралығында өткізілген акция аясында ұзақ уақыт бойы өздеріне тиесілі қарыздарын алмаған 450 қызметкердің пайдасына 210 703 689 теңге көлемінде жалақы бойынша қарыздарын өндіріп алды, – деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек Солтүстік Қазақстан облысының астық өндіру және сату нарығында жұмыс істейтін «Қазэкспортастық» компаниялар тобының егіс және егін жинау қызметі кезеңінде қалыптасқан. Осылайша, жұмыс берушілер өз қызметкерлерімен Заңды тұлғалардың шоттарына түскен, есептен шығарылған және өндіріп алушыларға аударылған қаражатты толығымен төледі.

Жыл басынан бері облыстың сот орындаушылары аталған санаттағы 2000 атқарушылық іс жүргізу бойынша 700 миллион теңгеден астам қаржы өндіріп алды.