Батыс Қазақстан облысында 4 оқушыда коронавирус анықталды

Жарияланды 3 Қазан 2020 06:15

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

БҚО-да коронавирус жұқтырған 4 оқушы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат . 

4 жағдайдың барлығы Орал қаласында тіркелді. Екі оқушы бір отбасынан, олар Орал қаласындағы №9 орта мектептің кезекші бірінші және үшінші сыныптарында оқиды. Қалған екеуі – қашықтан оқып жатқан дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы облыстық мектеп-интернаты кешені мен №9 орта мектептің 6-сынып оқушылары, деп мәлімдеді БҚО Білім басқармасының баспасөз қызметінен.

 «Барлық төрт бала коронавирусты ата-аналары мен туыстарынан жұқтырған. Қазіргі уақытта оқушыларда клиникалық белгілер жоқ, амбулаторлық ем алуда», – деп хабарлады білім басқармасы.

 

Сондай-ақ оқыңыз