Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, баспананың паспортын алуға болады

Жарияланды
Ол үшін eGov.kz порталын пайдалану қажет

ХҚО-ға бармай-ақ,  жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алудың оңай әрі ыңғайлы жолы – eGov.kz порталын пайдалану қажет. Бұл туралы аталмыш мекеменің  баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл үшін не істеу керек?

Алдымен ЭЦҚ немесе бір реттік жасырын сөз арқылы eGov.kz порталына кіреміз.

Бастапқы бетте жылжымайтын мүлік бөлімін таңдаңыз.

Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті беру қызметін таңдап, онлайн сұрау батырмасын басып, деректерді толтырыңыз.

Өтініш түрін көрсетіп, жылжымайтын мүлік туралы деректерді толтырыңыз.

Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін жүктеңіз.
Төлем түрін таңдаңыз.

Қызмет нәтижесі жылжымайтын мүлік түріне қарай беріледі:

1пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер – 3 жұмыс күнi 

2жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары – 5 жұмыс күнi

3жалпы ауданы 1000 м2 дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері – 7 жұмыс күні

4жалпы алаңы 1000 м2 асатын объектілер – 10 жұмыс күні 

Өтініштің қарастырылғаны туралы жауап жеке кабинетіңізге келіп түседі. Дайын құжатты алу үшін көрсетілген уақытта біздің корпорациямыздың фронт-офисіне бару қажет.

Сондай-ақ оқыңыз