Келіні қайын атасының ақшасын банк қосымшасы арқылы өзіне аударып алған

Жарияланды
40 мың теңге аударып алған

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның банктік карточкасынан ақша аударып алған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ер адамның айтуынша, оның банктік карточкасынан белгісіз адам 40 мың теңгеге жуық ақшасын заңсыз аударып алған. Содан өзіне тиесілі қаражатын кім алғанын анықтап беру үшін полицейлерге шағымданып, көмектесуін сұрайды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері АПБ-не СДТТБТ-не тіркеп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша енгізді. Орын алған қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы шұғыл әрекет етті. Қажетті шараларды іске асырды. Нәтижесінде полицейлер жәбірленушінің банктік карточкасынан ақша жымқырған өзінің келіні екенін анықтады.

Тергеу барысында келіні қайын атасының ақшасын, ұялы телефондағы банктік қосымша арқылы аударып алғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Бас шарасы міндеттемемен босатылды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға ескертеді. Өзіңізге ғана белгілі банктік кәртішкеңізді, есепшотыңыздың құпия сандарын ешкімге көрсетпеңіз, айтпаңыз, сенім білдірмеңіз. Ұры-қарының құрбаны болмау үшін барынша сақ болыңыз. Қазір тіпті телефон нөмірдің өзі алаяқтарға үлкен мүмкіндік береді. Сақ әрі сауатты болыңыздар! Егер сіз өзгенің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.

 

Сондай-ақ оқыңыз