Елімізде отандық кәсіпорындар дәрі мен медициналық бұйымдардың 75 пайызын өндіреді

Жарияланды
Экспорт 69%-ға артық

Отандық фармацевтика саласында қазіргі таңда 96 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 33-і дәрілік заттар, 41-і медициналық бұйымдар және 22-сі медициналық техника өндіреді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

   «5 мыңнан астам адам фармацевтика өнеркәсібінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді. Ірі өндіріс ошақтары еліміздің 4 өңірінде: Алматы мен Шымкент қалаларында, Алматы және Қарағанды облыстарында орналасқан. Олар дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар өндірісінің 75%-ын қамтамасыз етеді» – деді Атамқұлов. 

 
Сала кәсіпорындардың тұрақты қызметінің нәтижесінде 2019 жылы өндіріс көлемі 18%-ға өсіп, 92 млрд теңгені құрады. Экспорт 69%-ға артық. 

Биылғы 8 айда отандық кәсіпорындар фармацевтикалық өнімдерге деген жоғары қажеттілікті қаматамасыз етіп, өндіріс 34,1%-ға (81,5 млрд теңгеге) өсті.

 
Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті одан әрі дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді.

Жоспар 62 іс-шара мен 8 бөлімнен тұрады. Фармацевтикалық қызметті заңнамалық реттеу аясында отандық өндірушілер мен шетелдік инвесторлар үшін фармацевтика өнімдердің ішкі нарығына шығуын оңайлату қарастырылған.

 
Сатып алудағы жергілікті өнімдердің үлесін ұлғайту және сатып алу мерзімін қысқарту көзделеді.
Барлық жергілікті атқарушы органдар үшін жергілікті қамту бойынша KPI бекітілмек. Фармацевтикалық өнімдердің бағаларын тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету форматына ауыстырылады.

Бұл іс-шаралардың барлығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодекске, сондай-ақ өзге де нормативтік актілерге өзгерістер енгізу арқылы іске асырылады.

Сондай-ақ оқыңыз