Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

Жарияланды
Сонымен қатар ойын бизнесіне ғимаратты жалға берген азаматта сотталды

Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар мен ойын бизнесіне ғимаратты жалға берген азамат сотталды. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ҚР ҚМ Қаржы мониторинг Комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қаласында астыртын ойынхананың ұйымдастырушылары мен заңсыз ойын бизнесіне ғимаратты жалға берген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады.

Жедел-тергеу амалдары барысында астыртын ойынхананың қызметі әшкереленіп, ол жерде ойыншылар мен казино жұмысшылары болғандығы анықталды.

Тінту барысында, покер ойынына арналған кейс, ойын карталары, фишкалар мен ақшалай қаражат анықталып, тәркіленген болатын.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар астыртын ойынханаға келетін адамдарды қатаң тексеріп, оларды ойынханаға кіргізуі нақты жүйеге қойылған, яғни ол жерге тек тексерістен өткен азаматтар ғана кіретін болған.   
Астыртын ойынхананы ұйымдастырушылар, ойыншыларды «WhatsApp» желісі арқылы шақырып, ойынның болатын мекен-жайын айтып отырған. Шақырту алған ойыншылар, ойынханаға келгеннен кейін минималды 50 000 теңге төлеп ойынға қатысатын.

Аталған қылмысты ұйымдастырушылар мен заңсыз ойын бизнесіне ғимаратты жалға берген азамат ҚР ҚК 307 бабы (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша жауапкершілікке тартылып, барлығы әртүрлі мерзімдегі бостандығын шектеу жазасына сотталды. 

Осы орайда, ҚР ҚМ ҚМК заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғына үшін және заңсыз ойын бизнесіне ғимаратты жалға бергені үшін, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыз