Бағдат Қожахметов: Карантин нәтиже бермеді

Жарияланды
Қатаң карантинге оралуымыз мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов COVID-19 белгілері бар пневмония мен коронавирус жұқтырғандар санының артқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Жағдайдың тұрақталғанына қарамастан, карантиндік шаралар күткен нәтиже берген жоқ, науқастардың саны қайтадан өсіп жатыр.

Егер тұрғындар санитар дәрігердің талаптарын орындамаса, біз қатаң карантинге оралуға мәжбүр боламыз», – деді Қожахметов ОКҚ-да өткен брифингте.

 

Сондай-ақ оқыңыз