Қазақ көлік және коммуникация академиясы бас лицензиясынан айырылды
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын (Алматы қ.) бас лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады. Шешім 10 жұмыс күні өткеннен кейін заңды күшіне енеді, кейін жоғары оқу орны білім беру саласындағы қызметін тоқтатуға міндетті болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.
Бірінші кезекте, студенттердің сапалы қызмет алу құқықтары мен мүдделерін ескеріледі. Оларға алаңдауға еш себептері жоқ. Білім алушылар сол қаладағы басқа жоғары оқу орындарына грантын сақтай отырып, ауыса алады, сондай-ақ ақылы негізде оқығандар үшін де оқу құны артпайды.
Ауысу үшін оларға семестрдің аяқталуын күтудің қажеті жоқ, қазірден бастап басқа ЖОО ауысуға рұқсат берділді. Сонымен қатар студенттердің оқу нәтижелері де сақталады және ауысып барған жоғары оқу орнында ескеріледі.