Алматы облысында қылмыс саны азайды
Алматы облысында қылмыстардың саны едәуір төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
«Қылмыстардың жалпы саны – 36,5% – ға төмендеді. Атап айтқанда, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру саны 23,6% – ға, зорлау – 48,1% – ға, қарақшылық шабуыл – 2,9 есеге, тонау – 2,2 есеге, бұзақылық 39,5% – ға азайды. Бұдан басқа, жыл басынан бері қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны – 35,5% – ға, көшелердегі – 36,6% – ға, өтелмеген соттылығы бар адамдар жасаған қылмыстар -33,9% – ға, алкогольдік масаң күйдегі – 21,2% – ға, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы-4,8% – ға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар-48,4% – ға азайды. Сонымен қатар, қылмыстардың жалпы ашылуы 9,2% – ға жақсарды. Атап айтқанда, аса ауыр қылмыстар 0,6% – ға, зорлау 2,8% – ға, қарақшылық шабуылдар 7,0% – ға, тонау 4,8% – ға, бөтеннің мүлікін ұрлау 7,6% – ға, мал ұрлау 2,1% – ға, айдап әкету 1,3% – ға, бұзақылық 11,2% – ға және т. б. төмендеді. Жыл басынан бері барлығы жеті мыңнан астам қылмыс ашылды, оның екі мыңнан астамы өткен жылдарда жасалған қылмыстар», – деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Күдебаев.
Сондай-ақ, ол жыл басынан бері 235 қылмыстық топтың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілгенін, олардың 17 тонаумен, 11 алаяқтықпен , 9 қарақшылық шабуылдар жасаумен, 169 ұрлық жасаумен, 31 үй тонаумен, 23 мал ұрлығымен шұғылданғанын атап өтті.