Ресурстар

Алматыда қоғамдық көліктерге бактерицидті шам орнатыла бастады

Автобус неше рейс жасайды, сонша рет шам қосылады

Алматы қаласында автобус салондары соңғы аялдамасында кварцтан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат  «Алматыэлектротранс» баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы авобустарында бактерицидті шамдар қойылатынын айтқан болатын. Шамдар салонды дезинфекциялау үшін қолданылмақ. «Алматыэлектротранс» компаниясының хабарлауынша, тест режимінде бұл шам 2 автобусқа қойылған.

  «Оның бірі – 18 метрлік, екіншісі – 9 метрлік автобус. Бактерицидті шам автобустардың соңғы аялдамасында 5-7 минуттан қосылады. Яғни, 14 мәрте. Автобус неше рейс жасайды, сонша рет қосылатын болады», – деді компаниядан.