Қазақстанда 145 колледж 330 мамандық бойынша студенттерді оқыту құқығынан айырылды

Жарияланды
Бұған дейін берілген барлық дипломдар жарамды

Еліміздегі 145 колледж 330 мамандық бойынша студенттерді оқыту құқығынан айырылды. Бұл туралы  ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

*өздерінің білім беру профиліне жатпайтын;

*біліктілік талаптарын сақтай алмайтын;

*330 мамандық бойынша енді студенттерді оқытпайтын болды.

Арасында еңбек нарығында сұранысқа ие болмаған мамандықтар да бар. 

Студенттер мен ата-аналарға алаңдаудың еш қажеті жоқ. Білім алушылар оқуын аяқтады, ол үшін колледждерге мүмкіндік берілді. Бұған дейін берілген барлық дипломдар жарамды. Тек 145 колледж енді жекелеген мамандықтар бойынша студенттерді оқуға қабылдамайтын болды. 

Мониторинг барысында колледж директорларымен бірге жүргізілген жұмыстың нәтижесінде осындай шешім қабылданды.

 

Сондай-ақ оқыңыз