Ақтөбеде қараусыз малға арналған айыппұл тұрақтары іске қосылды

Жарияланды
Айыппұл тұрағына жергілікті тұрғындардың 12 сиыры орналастырылды

Ақтөбе облысында қараусыз малға арналған айыппұл тұрақтары іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Тұрақта мал иелері анықталғанға дейін жергілікті атқарушы органдардың есебінен ұсталатын болады. 8 қазан күні Әйтеке би ауданының Талдысай ауылында қараусыз жайылып жүрген малға арналған айыппұл тұрағына жергілікті тұрғындардың 12 сиыры орналастырылды. Учаскелік полиция инспекторы ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғады. 

Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Мадияр Акентайдың айтуынша, жайылып жүрген малдың жанында бақташы болмаған.

   «Біріншіден, жайылымда қараусыз жүрген мал қаскүнемдер үшін оңай олжа болып табылады. Екіншіден, еркін жайылымдағы үй жануарлары жол қозғалысына кедергі келтіреді.  Үшіншіден,  жайылымнан өз бетімен кетіп қалған малды іздестіруге полицияның үлкен күштері жұмылдырылады», — деді Мадияр Акентай.

Сондықтан Ақтөбе облысының полицейлері тұрғындарды малды еркін жайылымға қараусыз жібермеуге шақырады.
 

Сондай-ақ оқыңыз