Қазақстан интернетпен 100% қамтамасыз етіледі

Жарияланды
Жыл соңына дейін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың сайты.

Кездесу барысында «Қазақтелеком» басшысы ауылдық жерлерде талшықты-оптикалық байланыс желілері мен мобильді кең жолақты қолжетімділіктің құрылысы туралы хабарлады. Жоба осы жылдың соңына дейін толығымен аяқталады, содан кейін елдегі интернеттің ену деңгейі 99,5% жетеді деді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы компанияны дамыту үшін халыққа және бизнеске жаңа цифрлық қызметтерді ұсыну, Интернет пен ұялы байланыстың қол жетімділігі мен сапасын кеңейту, басқа байланыс операторларымен бірлесіп жұмыс жасау тұрғысынан бірқатар міндеттер қойды.
 

Сондай-ақ оқыңыз