Қырғызстан президенті қызметінен кетуге дайын

Жарияланды
Сооронбай Жээнбеков мемлекет басшысы қызметінен кету шарттарын атады

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков «мемлекет құқық аясына оралғаннан кейін» қызметінен кетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы 24.kg хабарлайды.

  «Мен үшін кез келген лауазым мемлекеттің тұтастығынан, халықтың бірлігінен және қоғамның тыныштығынан қымбат емес. Біз қазіргі жағдайда тез құқықтық жүйені реттеп алуымыз керек. Барлық саяси күшті елде тыныштық сақтауға, халықты бөлмеуге және қоғамды бұзбауға шақырамын», – деді президент.

Ол сондай-ақ Қырғызстанда жаңа парламенттік сайлау өтуі керек деп қосты. Бұл туралы шешімді ОСК қабылдайды. Бұл шаралар қазіргі саяси шиеленісті жеңілдетеді. Сонымен қатар, дағдарысқа дейін жұмыс істеген Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерін отставкаға жіберу қажет, бұл жаңа тағайындауларға заңды негіз болады.

   «Жаңа Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерін тағайындауды заңдастыру үшін Жогорку Кенештің қаулысы мен Президенттің Жарлығы қажет. Мен тиісті Жарлықтарға қол қоюға дайынмын, Жогорку Кенештің қаулыларын күтемін», – деді Сооронбай Жээнбеков.

 

Сондай-ақ оқыңыз