Әлемнің үздік университеттерінің 77 оқулығы қазақшаға аударылды 

Жарияланды
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде жүргізіліп жатыр

Гуманитарлық бағыттар бойынша әлемнің үздік университеттерінің 77 оқулығы қазақ тіліне аударылып, басылып шығарылды. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқулықтар еліміздің барлық жоғары оқу орындарына жеткізілді. Бүгінгі таңда аударылған тағы 23 оқулықты басып шығару және тарату бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.  Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

100 шетелдік оқулықты қазақ тіліне аудару «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде жүргізіліп жатыр.

Барлық оқулықтар жоғары оқу орындарындағы оқу процесінде, соның ішінде жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша дәрістер оқу, студенттер мен ПОҚ-тың ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланылады.
 

Сондай-ақ оқыңыз