Маңғыстау облысында карантин шаралары күшейтілді

Жарияланды
Карантин 13 қазан күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді

Маңғыстау облысында карантин шаралары күшейтілді. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. 

13 қазан күні сағат 00.00-ден бастап карантиндік шаралар күшейтіледі.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді:
Қоғамдық тамақтану орындарының, мейрамханалар мен кафелердің, сондай-ақ ірі супермаркеттердің жұмыс уақыты 21.00-ге дейін қысқарады.

Сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.

Спорт нысандарының, фитнес орталықтардың, жаттығу залдарының қызметі тоқтатылады.

Киім-кешек, құрылыс базарлары мен дүкендер, азық-түлік емес тауарлар базарлары 16.00-ге дейін қысқарады.

Жаппай отбасылық іс-шараларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар күшейтіледі.

Қоғамдық орындарда маска кию режимін сақтау маңызды болып қала береді!

 

Сондай-ақ оқыңыз