Шетелден ұшып келген тағы 5 жолаушыдан коронавирус анықталды
Шетелден халықаралық рейспен ұшып келген тағы 5 адамнан коронавирус анықталған. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.
Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігердің айтуынша, 6-12 қазан аралығында елімізге халықаралық әуе рейстерімен 14 578 жолаушы келген. Оның ішінде 11 966 жолаушыда ПТР анықтамасы болса, 2 596 жолаушыда анықтама жоқ. ПТР талдауын тапсыру үшін 2 596 қазақстандық екі күндік карантинге орналастырылды.
«Тест тапсырған 2 596 қазақстандықтың арасында түрлі әуе рейстерімен, әртүрлі уақытта ұшып келген алты азаматтан коронавирус анықталды»,- деді Байғабылов.
Үш жолаушы Алматыға (10 және 12 қазанда ұшып келген), біреуі Нұр-Сұлтан (9 қазанда) және екеуі Шымкентке (11 қазанда) келген. Шымкентке түскен жолаушы Түркиядан, Алматыға – Түркия мен Дубайдан келіпті.