Пандемия кезінде смартфоныңыз несімен қауіпті?
Австралиядағы ауруларға қарсы дайындық орталығының мамандары коронавирус бөлме температурасында 28 күн бойы тегіс беттерде болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми ақпарат мәлімдеді.
Ең үлкен қауіпті әйнектер, соның ішінде тудырады. Қауіптілігі жоғары тұрмыстық заттарға банкноттар, сондай-ақ тот баспайтын болаттан жасалған заттар екені атап өтілді.
Ғалымдардың айтуынша, бұл беттерде вирус +20 °C температурада шамамен бір ай, +30 °C температурада 3 апта және тек +40 °C-та бірнеше күн өмір сүреді екен.
Өзіңізді вирустан қалай қорғай аласыз? Қарапайым ережелерді сақтау жеткілікті: қолыңызды жиі және мұқият жуыңыз, смартфонның экранын антисептикпен сүртіңіз және жоғарыда айтылған заттарды ұстағаннан кейін қолыңызды бетіңізге тигізбеңіз.