Солтүстік Қазақстан облысында блокбекеттер қойылды

Жарияланды
Қазіргі уақытта алты блокбекет тұр

СҚО-да екі аудан орталығында алты блокбекет қойылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

 «Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласында блокбекеттер 9 қазаннан бастап қойылды. Қазір аудан орталығына кіруді бірден төрт блокпосттың қызметкерлері бақылайды. Мамлют ауданының Мамлютка қаласында екі блокбекет тұр. Олар 12 қазан күні сағат 00.00-ден бастап жұмыс істей бастады», – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімшелерінің мамандарымен, дәрігерлер мен әкімдік өкілдерімен бірлесіп блокпостарда кезекшілік етіп жатыр.
 

Сондай-ақ оқыңыз