Тергеу изоляторында отырған азаматтарға екпе салынды

Жарияланды 14 Қазан 2020 02:30

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

Атыраулық тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан сотталғандар мен тергеуге қамалған азаматтарға тұмауға қарсы екпе салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УГ-157/1 мекемеcінде  отырған күдіктілер мен жазасын өтеуге қалдырылған тұлғаларды тұмаудың алдын алу мақсатында жаппай вакцинациялау жүргізілуде. 

Вакцинаның тек келісім берген күдікті мен жазасын өтеушіге ғана салынатынын айта өту керек.   «Басты мақсатымыз – тұмаудың алдын алу болып табылады. Өйткені күз мезгілі жұқпалы аурулар өршіп, вирустың белең алатын кезеңі»,- дейді мекеме дәрігері Рамила Куншигарова. Бүгінгі таңда 100-ден астам күдікті азаматқа екпе салынды.
 

Сондай-ақ оқыңыз