Нұр-Сұлтан әуежайынан 4 адам депортацияланды
Жарияланды
132 жолаушы карантиндік стационарға жатқызылды
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына өткен тәулікте 573 жолаушы ұшып келіп, оның 132-сі карантин стационарына жатқызылды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Instagram парақшасы хабарлады.
«Бір тәуліктің ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Air Astana, Turkish Airlines, Belavia және Flydubai әуекомпанияларының 5 ұшағы қонды. Бортта экипаж мүшелерін қоса есептегенде 573 жолаушы болды. 132 жолаушыда ПТР-тестілеу анықтамасы болмағандықтан карантиндік стационарға орналастырылды. 4 жолаушы депортацияланды», – деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы.