Профессор Александр Карабиненко қыс мезгілінде коронавирустан қорғанудың ерекшеліктерін атады
Н. И. Пирогов атындағы РНИМУ профессоры, медицина ғылымдарының докторы Александр Карабиненко қыс мезгілінде коронавирустан қорғанудың ерекшеліктерін атады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Ғалым коронавирустың қыс мезгіліндегі әрекеті әлі де болса аз зерттелгенін, сондықтан максималды қорғаныс шараларын, оның ішінде бетперде мен қолғап кию тәртібін сақтауды жалғастыру керектігін айтты.
«Тұмау вирустары қыста және суық мезгілдерде белсенділігі артады, коронавируста да дәл осылай болуы мүмкін», – деді дәрігер.
Профессор қыс мезгілінде адам ағзасының инфекцияларға төзімділігі төмендейтінін, сондықтан иммунитетті күшейтіп, екпе алу қажеттілігін атап өтті.