БЖЗҚ халықтың әлеуметтік осал топтарына барып қызмет көрсету қызметтерін ұсынады, азаматтарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсетеді, сондай-ақ салымшыларға (алушыларға) БЖЗҚ кеңселерінен тыс жерлерде зейнетақы қызметтері бойынша тиімді қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Барып қызмет көрсетуге қалай өтініш беруге болады:
1. Call орталықтың 1418 нөмірі арқылы
2. www.enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі арқылы
Қызметті кім пайдалана алады:
1. 1,2 топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар азаматтар
2. Қордың бөлімшелері жоқ шалғай елді мекендерде тұратын азаматтар