«Ешкім күтіп алмады» деп ренжіген блогерді Тұрсын және Баян Алагөзовтер қонақ қылды

Жарияланды 12 Сәуір 2026 23:43

(жаңартылды 13 Сәуір 2026 09:22)
Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Баян Мақсатқызы Тұрсын Алагөзовтың бұрыннан жомарт болғанын алға тартты / фото: жеке мұрағат
Алагөзовтер танымал блогерді үйіне шақырды / фото: жеке мұрағат

Тұрсынғали және Баян Алагөзовтер танымал америкалық тревел-блогер Коннор Кампергиниді қонақ қылды.

Баян Алагөзова киіз үйде дастархан жайып, ет асқан. Шетелдік блогерге қазақтың ұлттық киімі мен ұлттық аспабын да таныстырды.

Бұған дейін Коннор Кампергини Қазақстанға келгенін, алайда өзін ешкім күтіп алмағанын айтып, әлеуметтік желіде видео жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін Тұрсын және Баян Алагөзовтер зәулім үйін көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыз