Сотталғандар мейрамханалардан ыстық тағамға тапсырыс бере алады
Енді сотталғандар мейрамханадан ыстық тағамға тапсырыс бере алады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Пенитенциарлық жүйені жаңғырту және реформалау – Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің алдына қойған басты міндеті. Сотталғандарға арналған электрондық дүкендер сервисін енгізу, оларды жұмысқа орналастыру осы процестің маңызды бағыттары болып табылады. 2019 жылдан бастап сотталғандар үшін азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізу жөніндегі мамандандырылған электрондық дүкендер қолжетімді. Мұнда тауарлардың 400-ден астам атауы ұсынылған, олардың барлығы тергеу изоляторлары мен түзеу колонияларында сату үшін қауіпсіз санатқа жатады», – делінген ақпаратта.
Ведмоство мәліметінше, тауарлар тізімі үнемі толықтырылып, кеңейтіліп отырады. Олардың қатарында азық-түлік, сусындар, тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары, киім-кешек бар. Сотталғандар мейрамханалардан ыстық тағамға да тапсырыс бере алады: фаст-фуд, дәстүрлі және шығыс тағамдары, суши және пицца.
Барлық бағалар қол жетімді. Сотталғандардың туыстары колонияға ең қажет заттарды жеткізу үшін электронды дүкенді қолдана алады, бұл әсіресе пандемия жағдайында өте өзекті, ал байланыссыз жеткізу вирустың түзеу мекемесі ішінде таралуына жол бермейді.