Қала құрылысы деректерінің 30 пайызы цифрландырылады

Жарияланды
Жыл соңына дейін

Жыл соңына қарай қала құрылысы кадастры деректерінің тағы 30% цифрланатын болады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Құрылыс салынған аумақ пен оны пайдалану мониторингі үшін «Мемқалақұрылыскадастры» РМК және оның өңірлік филиалдары елді мекендердің инженерлік коммуникацияларына түгендеу (базалық деңгейлердің цифрлық негізін құру) жүргізеді.

Ағымдағы жылы республикалық бюджет шеңберінде облыс орталықтары –Павлодар, Петропавл, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Орал, Өскемен, Ақтау және Шымкент қаласының 9,7 мың га аумағына түгендеу жүргізілуде.

Жеделдетілген цифрландыру шеңберінде жергілікті бюджеттердің қолдауымен өңірлердегі елді мекендердің жалпы ауданы 3,5 мың га инженерлік коммуникацияларына түгендеу жүргізілуде: Жамбыл облысының Қордай, Б.Момышұлы атындағы, Мерке, Құлан, Сарыкемер ауылдары, Павлодар облысының Ақсу қаласы мен Ертіс ауылы, Түркістан облысының Шаян ауылы, Батыс Қазақстан облысының Орал және Ақсай қалалары, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы.

Түгендеу арқылы қала құрылысы кадастрының деректерін цифрландыру деңгейі республика бойынша 2020 жылдың соңына қарай 30 %-ға артады.

Сондай-ақ оқыңыз