Коронавирус вакцинасы кімге әсер етпейді?

Жарияланды
Ғалымдар екпе кімге көмектеспейтіні жайлы ой бөлісті

Кей адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина әсер етпеуі әдбен мүмкін. Бұл – вирусолог, медицина ғылымдарының докторы Анатолий Альтштейннің пікірі. Тіпті денсаулық жағдайына емес, азғаның ешкімге белгісіз, кейбір ерекшеліктеріне байланысты деседі. Маманның пікірін назарыңызға ұсынып отырмыз. 

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Гамалея атындағы орталықтың директоры Александр Гинцбург осыған қатысты зерттеу жүргізген. Соның нәтижесінде адамның төрт түрлі тобында антидене пайда болуы қиын екені белгілі болған. Атап айтқанда, қарт кісілер, ішімдікке әуестер, күйзелісте жүргендер және қабынуға қарсы препараттар ішетіндерде вирустің антиденелері өте нашар қалыптасады екен.

Бірақ Альтштейіннің ойынша, коронавирусқа қарсы вакцина иммун тапшылығы бар адамдарға ғана әсер етпеуі мүмкін. Ал бұдан өзге жағдайларда адамдарды антидене қалыптасуға қатысты белгілер бойынша бөлу қиын деседі. Вирусолог «антидененің пайда болуы денсаулық жағдайына емес, ешкім білмейтін, органзим ерекшеліктеріне байланысты» деген пікірде. 

Қазақстандағы коронавирусқа қатысты ақпарат мынадай: 110542 жағдай расталып, оның 105675-і емделіп шыққан. Ал 1796 адам қайтыс болған. COVID-19 белгілеріне ұқсас пневмония бойынша мәліметтерге келсек, 36921 жағдай тіркеліп, 28531 адам жазылған. 394 азамат өмірден өткен. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 26 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 71 адам емделіп шықты.
 

Сондай-ақ оқыңыз