Тіл қатерлі ісігінің даму себептері қандай?

Жарияланды
Протезге немқұрайлы қарау тіл қатерлі ісігінің дамуына себеп болуы мүмкін

Пациенттердің протезге немқұрайлы қарауы тіл қатерлі ісігінің дамуына себеп болуы мүмкін, дейді бет-жақ хирург-онкологы Игорь Малиновский. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

 «Бұл онкологиялық ауруларға алып келеді, егер алынбалы протез істен шықса, шырышты қабаты үнемі ысқыланып, кейіннен созылмалы жарақатқа алып келеді», – деді ол «ГМ» радиостанциясының эфирінде.

Оның айтуынша, кез-келген созылмалы жарақат онкологиялық процестердің дамуына түрткі болады.

Тіссауыттың дүрыс тұрмауы, сынған тіс те қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін, деп қосты дәрігер. Бұл жағдайда ісік тек жақсүйекте ғана емес, сонымен қатар ауыз қуысының шырышты қабығында да пайда болуы мүмкін.

 

Сондай-ақ оқыңыз