Қазақстан Ұлттық Банкі «Дала қазынасы» сериясымен «JETI QAZYNA» монеталарын айналымға шығарады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл монета жобасында мыналар ұсынылған:
биколорлы айналыстағы монеталар:
100 теңгелік номинал «uncirculated» сапамен нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған.
коллекциялық монеталар:
*500 теңгелік номинал алтыннан дайындалған;
*500 теңгелік номинал күмістен дайындалған;
*5000 теңгелік номинал күмістен дайындалған;
*200 теңгелік номинал бір блистерлік жиынтықта тұратын мельхиор қоспасынан дайындалған және 100 теңгелік номинал нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған, сапасы – «brilliant uncirculated».
«JETI QAZYNA» коллекциялық монеталары:
1) 500 теңгелік номинал «proof» сапасымен 999/1000 сынамалы алтыннан тұрады, , массасы 7,78 грамм, диаметрі 25 мм, таралымы 1000 дана;
2) 5000 теңгелік номинал «proof» сапасымен 925/1000 сынамалы күмістен тұрады, , массасы 777,5 грамм, диаметрі 100 мм, таралымы 250 дана;
3) 500 теңгелік номинал «proof» сапасымен 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, , массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, таралымы 3 000 дана;
4) 200 теңгелік номинал «рrооf-like» сапасымен МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, таралымы 25 000 дана.
5) 100 теңгелік номинал «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан тұрады, массасы 6,45 грамм, диаметрі 24,5 мм, әр түрінен 25 000 дана, жалпы таралымы 175 000 дана.
Номиналы 500 теңгелік – алтыннан, номиналы 500 және 5 000 теңгелік – күмістен дайындалған монеталар, номиналы 200 теңгелік мельхиор қоспасынан дайындалған бір коллекциялық монетадан және номиналы 100 теңгелік «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған жеті биколорлы айналыстағы монетадан тұратын блистерлік жиынтық коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.