Банк пен қаржы

Ұлттық қордың валюта активтері 1 млрд долларға азайды

Қазан айындағы көрсеткіш бойынша

Ұлттық қордың валюта активтері қазан айында 1 миллиард долларға азайып, 56,34 миллиард долларды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк хабарлады. 

MSCI жаһандық акциялар индексі қазан айында 3% төмендеді. Нәтижесінде, осы жылдың 10 айында жаһандық  акциялардың кірістілігі теріс және (-) 1%-ды құрайды.

   «Нарықтағы инвесциялық кірістің құлдырауын ескере отырып, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі қазан айында теріс қалыптасып, – 470 миллион долларды құрады, оның ішінде акциялар портфелінің құлдырауы шамамен 390 миллион долларды құрады. Айта кету керек, соңғы айларда теріс серпінге қарамастан, жыл басынан бері Ұлттық қордың жалпы инвестициялық кірісі сақталып отыр және шамамен 950 миллион долларды құрайды», – делінген хабарламада.