Ресурстар

Тұрғын үй тағы қымбаттады: Көш басында Алматы мен Нұр-Сұлтан

Жаңа үйлер жыл басына бері 5 пайызға қымбаттаған

 Елімізде жаңа үйлердегі пәтер бағасы жыл басынана бері – 5 пайызға, қайталама нарықтағы үйлер 11,1 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Finprom.kz.

Осы айда жаңа үйлердегі пәтердің бір шаршы метрі орта есеппен, 305,3 мың теңгені құрады. Былтырғы қазан айынмен салыстырсақ, бағаның 5,3  пайызға өскені байқалады. Ал бір айдың ішінде баға 0,5 пайыз өсім көрсеткен. Ел бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы пәтер бағасы шарықтап тұр. Астанада салынып жатқан жаңа үйлердің бір шаршы метрінің бағасы 6 пайызға қымбаттап, 388,8 мың теңгеге жеткен.

Елордадан кейінгі орында Алматы  қаласы келеді. Бұнда жаңа үйдегі пәтердің  бір шаршы метрі 360,1 мың теңге тұрады. Ал Шымкент, Атырау сынды қалаларда жаңа пәтердің 1 шаршы метрі 333-326 мың теңге айналасында. 

Биыл тек жаңа салынған үйлер ғана емес, қайталама нарықтағы баспана да қатты қымбаттаған. Қайталама нарықтағы ең қымбат пәтерлер Нұр-Сұлтан қаласында,  оль жақта шаршы метріне 375,6 мың теңге сұрайды. Ал Алматыда бұндай пәтерлердің бір шаршы метр бағасы – 370 мың теңге. Сондай-ақ, Атырау мен Ақтау қаласында да қымбаттап, 264,2 мың және 249,3  теңгені құрайды. 

Статистика комитетінің дерегіне сүйенсек,  2013 жылға дейін тұрғын үй бағасы бойынша көш басында Алматы тұратын. Кейінгі жылдары бірінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы шықты. 

Ал ел бойынша ең арзан пәтерлер Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан қалаларында. Бұл қалаларда қайталама нарықтағы пәтерлердің 1 шаршы метірнің бағасы 150-181 мың теңге айналасында.