Роман Скляр БҚО-да бірнеше нысанды тексерді

Жарияланды
Оның ішінде салынып жатқан әлеуметтік нысандарда бар

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр әкім Ғали Есқалиевпен бірге Мемлекет басшысының Жолдауының іске асырылу барысымен танысты, оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде стратегиялық және өнеркәсіптік мақсаттағы бірқатар объектілерді, салынып жатқан әлеуметтік нысандарды тексерді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Барлық қажетті жұмыстардың сапалы орындалуын және уақытылы аяқталуын қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктеді. Осылайша, Роман Скляр Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде жаңа шағын ауданның салыну барысын, сондай-ақ Теректі ауданының Тұқпай ауылындағы алты пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысын тексерді.

Бұл объектілер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынуда, оларды ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отыр. «Батыс су арнасы» ЖШС аралау барысында сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Облыс орталығында қосымша ұңғымаларды бұрғылау арқылы берілетін су көлемін ұлғайту жоспарлануда, бұл ретте апаттардың алдын алу мақсатында қысым мәліметтерін берілгіштер орнатылады.

Подстепное ауылында бұқаралық спортты дамыту барысы туралы баяндалды. Ауданы 1000 ш.м. дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталады. Облыс бойынша жалпы саны 26 ДШС кешенін салу жоспарланған.

Бүгінгі таңда бюджет және жеке инвестиция есебінен 14 кешен салынды.

Үкіметтік делегация сонымен қатар «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Уральскагрореммаш» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ, «Кублей» ЖШС-інде болды.

Сапар қорытындысы бойынша Роман Скляр өңір халқы үшін жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, облыс басшылығына олардың орындалуын пәрменді бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз