Алматыда тағы 362 «Сергек» камерасы орнатылады
Қалада қосымша тағы 362 «Сергек» камерасы орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтің мәліметінше, мегаполисте 10 айдың қортындысы бойынша жол-көлік апаты 27,8%–ға төмендеген.
«Біз қалалык әкімдікпен бірлесе отырып, жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында Алматы қаласы аумағында жол жүру және жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды әзірлеп, бекіттік. Аталған жоспардың жүзеге асуы көлік ағымының өтімділігін 25-30% арттырса, жол көлік оқиғаларының санын 15-20% азайтып, экологиялық жағдайдың 10% жақсаруына септігін тигізеді»,- дейді департамент басшысы.
Сонымен қатар, ол қалада 2050 бейне камера орнатылғанын айтты. Жыл соңына дейін қосымша тағы да 362 камералық бекет орнату жоспарда.