Жаңалықтар

Нидерландыда жаңа жылда отшашуға тыйым салды

Ел билігі коронавируспен қатар отшашудан зардап шегетіндер саны артады деп алаңдаулы

Нидерландыда жаңа жылдық отшашуға тыйым салынды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

Нидерланды жаңа жылда отшашулар мен пиротехниканың барлық түрлерін қолдану тоқтатылды. Бұл шешім жедел жәрдем қызметкерлеріне COVID-19 ауруына шалдыққан адамдарға көмектесуге және отшашу жарылыстарынан зардап шеккендерге алаңдамауға мүмкіндік беру үшін қабылданды. 

Ел билігі жылма жыл жаңа жыл түні пиротехникадан зардап шеккен адамдар санының көп болуына байланысты ауруханалар үшін бұл ең ауыр кезеңдердің бірі екенін жеткізді. Пандемия жағдайында бұл қолайсыз: ауруханаларда онсыз да COVID-19 пациенттеріне толып тұр.

Дегенмен, қол бенгал оттары сияқты ең қарапайым отшашуларды қолдануға рұқсат берілді.