Мұнай бағасы өткен аптада 8% дейін өсті, деп хабарлайды Investing.com.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны өсіп, барреліне 43,31 долларды құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы бағадан 0,53 долларға (1,24%) жоғары. Жұма күні болып өткен сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 0,75 долларға (1,7%) – барреліне 42,78 долларға дейін төмендеді.
Өз кезегінде WTI маркалы мұнайының желтоқсан айындағы фьючерстерінің бағасы Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық саудасында 0,58 долларға (1,45%) – барреліне 40,71 долларға дейін өсті. Жұма күні фьючерсі 0,99 долларға (2,4%) – баррелі 40,13 долларға дейін арзандады.