Шығыс Қазақстан облысында 300-ден астам ағаш заңсыз кесілген

Жарияланды 16 Қараша 2020 00:50

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

ШҚО-да белгісіз біреулер 300-ден астам ағашты заңсыз кескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «2019-2020 жылдарға осы жерлердегі ағаштарды кесуге рұқсат берілмеген. Тексеру нәтижесінде 336 ағаштың заңсыз кесілгені белгілі болды. Оның ішінде 232 терек, 79 қандыағаш және 25 үйеңкі ағашы. Осының салдарынан табиғатқа 314 103 теңге көлемінде залал келтірілген», – делінген инспекция мәліметінде. 

 

Сондай-ақ оқыңыз