Алматыда қалың қар салдарынан 30 жол апаты болды

Жарияланды
Қалалық полиция департаменті жүргізушілерге үндеу жасады

Алматыда түнде қалың қар салдарынан 30 жол апаты болған. Қалалық полиция департаменті жүргізушілерге үндеу жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғалары сағат 21.00 мен 6.00 аралығында болған.

Жол апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелмеген. Дегенмен ведомстводағылар жүргізушілерден абай болуды сұрайды.

 «Полиция жүргізушілерге үндеу жасай отырып, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өзара құрмет пен тәртіп – жолдардағы қауіпсіздіктің кепілі. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырамыз. (…)», – деді Алматы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

 

Сондай-ақ оқыңыз