Халыққа қызмет көрсету қызметкерлері азаматтарға құжаттарын үйлеріне жеткізіп береді
Жарияланды
Бағдат Мусин: Халыққа ыңғайлы шешімдерді енгізіп жатырмыз
ХҚКО орталықтарының қызметкерлері азаматтарға құжаттарын үйіне апарып береді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz.
» ХҚКО қызметкерлері дайын құжаттарды жеткізіп береді. Халыққа ыңғайлы басқа шешімдерді де енгізіп жатырмыз «, – деді Бағдат Мусин.
Сонымен қатар, оның сөзінше, ХҚКО-ның операторын банктердегі жеке менеджерлер сияқты кеңсеге шақыру арқылы қызмет көрсету тетігін іске қосу жоспарланған.