Жер телімін қалай тегін алуға болады? Жер телімін алған кезде азамат қандай ережелерді білуі керек?

Жарияланды
Мемлекеттен тегін жер телімін алуға мүмкіндік бар

Азаматтар әртүрлі мақсатпен жер сатып алады. Біреу үй тұрғызғысы келсе, енді бірі азаматтарға жалға беру мақсатымен баспана салғанды дұрыс көреді. Енді бір азаматтар шаруашылық (мал шаруашылығы, егістік) орайына келетін жер іздейді. Бұл ретте ел азаматтары жерге қандай құқық түрлері бар екендігін, жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін қалай алу, ауыл шаруашылығы жерлері үшін не қажет және жер иесінің нені білуі керектігі туралы баяндаймыз. 

Заң аясында жерге құқықтың үш түрі бар: иелену, пайдалану және басшылыққа алу. 

Жерді басшылыққа алу құқығы 

Мемлекеттің ҚР аумағындағы жердің заңдық мәртебесін, сондай-ақ  өзінің жер учаскесіне қатысты ҚР заңдарымен тыйым салынбаған мәмілелерді жасаудың  заңдық қамтамасыз етілген құқығы. Жерді басқару құқығы жерді сату, айырбастау, біріктіру, сыйлау және жалға беру, жерді пайдаланудан басқа онымен әр түрлі мәмілелер жасау мүмкіндігін береді.

Жерді пайдалану құқығы 

Мемлекеттік меншікте болатын жер учаскесін адамның мерзімсіз (тұрақты жер пайдалану)  немесе белгілі бір уақыт ішінде (уақытша жер пайдалану) ақылы және (немесе) ақысыз негізде иелену және пайдалану құқығы. Жерді пайдалану құқығы осы жердегі қызметті, құрылыс мүмкіндігін және онда қызметті жүргізу мүмкіндігін білдіреді, бірақ жер учаскесін сату, айырбастау, сыйлау немесе жалға беру мүмкіндігі жоқ.

Жерді иелену құқығы 

Жерге іс жүзінде ие болуды жүзеге асырудың заңдық қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Жерді иелену құқығы жерді пайдалану және иеленуге болатынын, бірақ оны заңды пайдалануға болмайтынын білдіреді. Осылайша, сіз оны сатып, айырбастай алмайсыз, тек өзіңіз ғана тікелей пайдалана аласыз.

Осы үш құқықты біріктіре алсаңыз ғана жер толықтай сіздің меншігіңіз саналады. 

Жерге үй салып, оны жалға беруге заң мүмкіндік бере ме?

Иә. Бұл тұрғыда заң тарапынан ешқандай қиындық кездеспейді. Мемлекеттік органдардың қандай да бір рұқсатын алмай-ақ жерді сатып, жалға беріп, тұрғын үй салып, оны сыйға бере аласыз. Сондай-ақ уақытша пайдалану туралы шарт негізінде жерді жалға беруге болады. 

Мемлекеттен жер телімін қалай ақысыз алуға болады?

Мемлекеттен жер телімін алудың екі түрлі жолы бар: жалпы белгіленген тәртіпте ақылы және тегін және келесі мөлшерде жеке тұрғын үй құрылысына арнап: 
•    Ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге (аулалық және далалық үлестерді қоса) – 0,25 гектар суармалы емес және 0,15 гектар суармалы жерге;
•    Жеке меншік тұрғын-үй құрылысына – 0,10 гектар;
•    Бау-бақша шаруашылығына және саяжай құрылысына – 0,12 гектар.

Тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттен жеке меншікке 0,10 гектар мөлшерде тегін жер телімі беріледі. Елдің әрбір азаматы мен оралмандар заңмен бекітілген 10 сотық жерді алуға құқылы. Бұл жағдайда азаматтың жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы маңызды емес. Сол жерге тұрғын үйді салып, пайдалануға енгізгеннен кейін ғана сіз жер телімінің иесі атанасыз. Жерлі алуға байланысты берген өтініш-сұраныс хатыңыз 60 күнтізбелік күн ішінде қаралады. Одан соң 7 жұмыс күні ішінде сізді жер телімі кезегіне қояды. Әкімдік ұсынған ақпараттық ресурстан жер кезегіңізді бақылай аласыз. 
Жерді алған соң жер телімін уақытша ақысыз қолдану құқығын рәсімдейсіз. Егер жер алғаннан кейін жарты жыл ішінде үй салынбаса онда уақытша жалдау мерзімін бір жылға ұзарту керек. Жер телімі екі жыл бойы пайдаланылмаса мемлекет оны қайтарып алуға құқылы. 

Жерге жарты жыл ішінде үй салған соң оны толықтай өз меншігіңізге өткізу үшін мына құжаттарды ұсыну керек: 

•    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін ұсыну туралы өтініш: 
•    Жеке басты куәландыратын құжат түпнұсқасы және көшірмесі; 
•    Жер учаскесінде салынған жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдау актісі; 
•    Жер учаскесін сәйкестендіру құжаты. 

Сондай-ақ оқыңыз