Ресурстар

Мемлекеттен алынған тұрғын үйді қалай жекешелендіруге болады?

Қандай тұрғын үйді жекешелендіруге болмайды?

«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 2-бабының 31-тармағына сәйкес,  тұрғын үйді жекешелендіруге болады. Мақалада әкімдіктен алынған тұрғын үйді жекешелендіру тәртібімен таныса аласыз. 

Мемлекеттік тұрғын үйді кім жекешелендіре алады?

Егер сіз тұрғын үйді алсаңыз және мемлекеттік қызметкер, бюджеттік ұйымның қызметкері, әскери қызметкер, ғарышкер (ғарышкерлікке үміткерлер) немесе мемлекеттік сайлау лауазымын атқаратын болсаңыз, онда қалдық құны бойынша тұрғын үйді жекешелендіре аласыз.

Егер бюджеттік ұйымдарда немесе кәсіпорындарда мемлекеттік қызметте он жылдан кем емес жұмыс істесеңіз, сондай-ақ еңбек қатынастары төмендегі негіздер бойынша тоқтатылса жұмыс мерзіміне қарамастан  сіз тұрғын үйді  жекешелендіру құқығына ие боласыз:

•    Ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
•    Одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
•    Зейнеткерлікке шығуына байланысты. 

Тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған адамның жұмыс істеген уақытына қарамастан отбасы мүшелеріне ауысады.
Егер қызметтік тұрғын үй жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысушы ретінде берілсе, онда оны қалдық құны бойынша қызметтік тұрғын үйде бес жылдан кем емес уақыт тұрғанда жекешелендіруге болады.

Егер 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күнтізбелік есептеуде он жыл және одан да артық әскери қызметте тұрса, онда қызметтік тұрғын үйді мемлекеттік тұрғын үй қорынан қалдық құны бойынша жекешелендіруге болады. Ал егер осы күні азаматтың шотында он бес жылдан артық қызмет болса, онда әскери қызметтің күнтізбелік есептеуіндегі жиырма жыл әскери қызметтен кейін қызметтік тұрғын үйді ақысыз жекешелендіру құқығына ие. 

Тұрғын үйді кім тегін жекешелендіре алады?

  • Ұлы Отан соғысы ардагерлері. 
  • I топ мүгедектері; 
  • Чернобыль атом электрстанциясындағы апат, басқа радиациялық апат және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі апат салдарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақ және оқуларға тікелей қатысқан тұлғалар;
  • Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақ полигоны салдарынан зардап шеккен азаматтар;
  • Ауғанстанда немесе басқа мемлекеттерде әскери қызметін өтеу кезінде немесе ауру салдарынан мүгедек болған әскери қызметкерлер;
  • Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтар;
  • Ғарышкерлікке үміткерлер мен ғарыш қызметі саласында он бес жылдан артық жұмыс өтілі бар азаматтар. 

Егер меншік иесі қайтыс болса, тұрғын үйді ақысыз алу құқығы отбасы мүшелеріне ауысады; 

Қандай тұрғын үйді жекешелендіруге болмайды?

  • Бірнеше жалдаушыға жалға берілетін тұрғын үй, олардың біреуі сатып алуды жүзеге асыруға келіспеген жағдайда;
  • Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;
  •  Уақытша құрылыстарда;
  • Санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін;
  • Әскери қалашықтар, шекара заставалары және өзге де жабық объектілер аумағындағы;
  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан;
  • Бұзылуға жататын;
  • Сондай-ақ еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген төсек үлгісіндегі, сондай-ақ бөлме үлгісіндегі тұрғын үй-жайлар жекешелендіруге жатпайды.

 

Мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіру үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Жалға алушы отбасының кәмелетке толған барлық мүшелері ЭЦҚ-мен қол қойған электрондық құжат нысанындағы тұрғын үйді жекешелендіруге өтініш; 
  2.  Некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда қажеттілігіне қарай);
  3. Жалдау (жалға алу) шартының немесе тұрғын үйге ордердің электрондық көшірмесі;
  4. Басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп таныған жағдайда, соңғысына оларды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің электрондық көшірмесі ұсынылады.
  5. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар қосымша көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататынын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады;
  6. Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманың электрондық көшірмесін не қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін ұсынады;
  7.  Тұрғын үйді жалдау шарты бойынша берешектің жоқтығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
  8. Қағиданың 7-тармағына сәйкес жекешелендіру жағдайында – мемлекеттік тұрғын үй қорынан меншікке өтеусіз алуға құқығы бар азаматтар санатына жататынын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
  9.  Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы куәліктің (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы анықтамалардың, мекенжай анықтамаларының, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің, көрсетілетін қызметті алушының немесе оның отбасы мүшелерінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызмет берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы беріледі.