Азаматтардың жеке деректерін жинау үшін Telegram-боттың іске қосылғаны жалған

Жарияланды 22 Қараша 2020 05:25

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

Белгісіз адамдар азаматтарға мүмкін әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен мобильді телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-боты фейк болып табылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боттарды іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұратпайды. 

Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұраймыз.

Еске сала кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен қудаланады.

Сондай-ақ оқыңыз