Белгісіз адамдар азаматтарға мүмкін әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен мобильді телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-боты фейк болып табылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боттарды іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұратпайды.
Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұраймыз.
Еске сала кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен қудаланады.